Солтүстік Қазақстанға Ирландиядан 800 бас мал әкелінеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстанға Ирландиядан 800 бас мал әкелінеді

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына алыс және жақын шетелдерден үш мыңға жуық мал әкелінді, деп хабарлайды РИА Новости.

Әкімдік отырысында ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ыбыраев малдар 33 шаруашылыққа әкелінгенін атап айтты. Оның ішінде 30 шаруашылық ветеринарлық талаптарға сәйкес карантиннен өтті, тағы 3-уі карантинде.

"Жыл соңына дейін 9 ауданда 20 шаруашылық алыс және жақын шетелдерден 3 мыңға жуық ірі қара малын әкелуді жоспарлап отыр. Ірі жобалар бойынша  Германиямен, Австриямен, Ирландиямен, Татарстанмен, Чехиямен, Словениямен және Австралиямен жұмыс істейміз", - деді М. Ыбыраев.

Ол көршілес Ресейдің бірқатар мал аурулары бойынша қолайсыз аймақтары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, бұл жағдай Омбы, Новосибирск, Саратов облыстары және Удмуртия Республикасында орын алып отыр.

" М. Жұмабаев, Уәлиханов аудандарының әкімдеріне - Шекара қызметімен жұмыс және өзара іс-қимыл жасауға ерекше көңіл бөлуді сұраймын", - деп толықтырды сөзін М. Ыбыраев.


Көзі: Yunews.kz