Баянауылдағы өрт аумағы 93 га құрады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Баянауылдағы өрт аумағы 93 га құрады

444

Smiley face
Фото: КЧС МВД РК

Павлодар облысының Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт ауыздықталды. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауынша, өрттің жалпы аумағы 93 га құрады.

Өрт 24 қыркүйекте сағат 18:50-де ауыздықталды.

Облыс ТЖД мәліметі бойынша, аймақта бірден бірнеше өрт болды: Баянауыл ұлттық паркінің аумағында 43, 44, 48, 49 орамдарда, сондай-ақ Бірлік, Қаратомар, Күркелі, Қызылтау, Ақсан ауылдық округтерінде болды. Ауылдық округтердегі өрт 22-23 қыркүйекте сөндірілді. Қазіргі уақытта елді мекендер үшін қауіп жоқ.


Көзі: yunews.kz