Қазақстандық бие мен түйе сүті Үндістан дүкендерінде пайда болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық бие мен түйе сүті Үндістан дүкендерінде пайда болады

444

Smiley face

Фото: пресс-служба отдела аналитики, мониторинга, работы со СМИ ТОО "АГТ-Казахстан"

Үндістан Қазақстанның Азиядағы тауар айналымы бойынша алтыншы серіктесі болып табылады. Үндістанды қазақстандық мұнай, уран және ферроқорытпа қызықтырса, қазақстандықтарды – үнді дәрі-дәрмектері мен шай қызықтырады, деп хабарлайды "АГТ-Қазақстан" ЖШС-нің талдау, мониторинг, БАҚ-пен жұмыс бөлімі. 19-21 қыркүйек аралығында Нью-Дели, Прагати Майданда SIAL India (The Indian Food Innovation Exhibition) 2-ші көрмесі өтті.

Биылғы жылы мұнда "Eurasia Invest Saumal LTD" қазақстандық компаниясы да таныстырылды.  Кәсіпорын әлемдегі ең ірі сублимирленген бие және түйе сүтін өндіруші компаниялардың бірі болып табылады (жылына 30 тоннадан астам дайын өнім). "Eurasia Invest Saumal LTD" 3 жыл бойы Үндістанда өз өнімдерін интернет-алаңдар арқылы сатады. Енді компанияның мақсаты өнімін әрі қарай нарықта жылжыту болып табылады. Үндістанда сүт және сүт өнімдерін тұтынудың жоғары мәдениеті қалыптасқан, сондықтан компания ел үшін инновациялық ұсынысқа қызығушылық танытады. Бие мен түйе сүтінде қоректік заттардың, витаминдер мен микроэлементтердің бірегей жиынтығы бар, бұл отандық тауардың тартымдылығына әсер етеді.

Күтілгендей, үнділік серіктестер компания өнімдеріне үлкен қызығушылық танытты, енді оған үнділік сауда стандарттарына сәйкес келетін қажетті рұқсат құжаттарын алып, келесі жылы құрғақ бие мен түйе сүті Үндістан дүкендерінің сөрелерінде өз орнын алуы үшін келіссөздердің кезекті сатысына кірісуге тура келеді.

Анықтама: SIAL 1964 жылы Парижде Халықаралық нарықта дебют жасады, содан кейін Қытайда, Канадада, Таяу Шығыста, Индонезия мен Үндістанда өткізілді. Осы жылдар ішінде бүкіл әлем бойынша 119-дан астам елдің 15 548 экспоненті көрме жұмысына қатысты. Алаң мүдделі тараптар үшін мінсіз желілік және бизнес-платформа болды. Бүкіл әлемде SIAL желісі пікір алмасу, кездесулер мен пікірталастар үшін тиімді форум болып табылады.


Көзі: yunews.kz