ШҚО-да «Алтын безгегі» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да «Алтын безгегі»

444

Smiley face
Фото: svopi.ru

Семей полициясына жүгінген әйел адам құрбысына қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірді. Соңғысы әшекейлерді таға тұрамын деп сұрап алып, нәтижесінде иесіне алтынды қайтармады. Күдіктінің барлық әшекейлерді сатқаны, ал түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Зардап шеккен адамға 500 000 теңге шығын келтірілген.

"Полиция қызметкерлері жәбірленушінің 30 жастағы құрбысын құрықтады.  Күдікті өз кінәсін мойындады", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Үржар ауылында да осындай ұрлық ашылды. Апта басында полиция бөліміне 33 жастағы әйел хабарласып, оның 31 жастағы үй қызметкері жуынатын бөлмеде болған оның алтын тізбегі мен сақинасын ұрлап кеткенін айтты. Шығын 210 000 теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктіден барлық алтын бұйымдар тәркіленді

Осы уақытта Риддер қаласында тапа тал түсте көшеде белгісіз біреу 42 жастағы әйелдің мойынынан алтын кресті жұлып алған. Жәбірленуші әшекейді 6 000 теңгеге бағалаған. Жедел-тергеу тобы ізін суытпай тонаушыны анықтап, ұстады. Ол 31 жасар жұмыссыз ер адам болып шықты. Айғақты зат тәркіленді.

Барлық үш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп толықтырды ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz