Қазақстанда 100 автогаз құю станциясы салынады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда 100 автогаз құю станциясы салынады

444

Smiley face

Фото: itgas.kz

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан, Шымкент және Тараз өңірлерінің әкімдігі, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен жиын өткізді.

Кездесулердің барысында сервис нысандарын дамыту, оларды Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестендіру, жол бойындағы кешендерге жер бөлу, қажетті коммуникацияларды өткізу және «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бірлесіп жол бойында газ құю бекеттерін салу мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда Түркістан облысындағы  жол бойында қызмет көрсететін  158 нысанының тек 32%, ал Жамбыл облысы бойынша 61 нысанның 41 % Ұлттық стандарттарға сәйкес. Жоспар бойынша ҚР-ның газ тартылған өңірлерінде 100 (жүз) автогаз толтыру компрессорлық станциясының құрылысы көзделген. Оның жанында кемпинг, қонақ үй, сауда орындарын, техникалық қызмет көрсету стансасын, автокөліктерді жуу орындарын, заманауи дәретханаларды, жеңіл және жүк автокөліктеріне арналған тұрақтарды орнатады. Сонымен қатар, дизельді отынды газға ауыстыру арқылы көлік шығындары азайып, экологиялық таза метан есебінен атмосфераға тигізетін зиянның көрсеткіші төмендейді.

Жиынның нәтижесі бойынша, өңір басшылығына жол бойындағы сервистердің қазіргі жағдайын жақсарту, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру тапсырылды.


Көзі: yunews.kz