"Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

 

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы А. Ахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол К.Берженбаев деген азаматтан аталған КММ маманы ретінде жұмысқа орналасқаны үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін 30 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Осы үкім бойынша Берженбаевқа пара бергені үшін 9 млн.теңге көлемінде айыппұл салу жазасы белгіленді.


Көзі: yunews.kz