Атыраулық шекарашылар 2 қапқа толтырылған қымбат бағалы балықтар тауып алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атыраулық шекарашылар 2 қапқа толтырылған қымбат бағалы балықтар тауып алды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Бүгін, түнгі сағат 01.30-дар шамасында Атырау шекара отрядының «Евразия» шекара заставасы аумағында Жайықтың жағалауын шолып келе жатқан шекара нарядының жылу сезгіш құрылғысы жылу көздерін анықтағандығы туралы белгі берді. Түн ішінде екі жерден келіп тұрған жылу түз тағылары да болуы мүмкін, бұта түбінде тығылып отырған шекара бұзушылар болуы да ықтимал еді.

Бірақ шекарашылар бұл жолы қымбат бағалы балықтар толтырылған екі қаптың үстінен шықты. Белгісіз біреулер аулаған балықтарын кейінірек, жасырын келіп алып кету үшін тығып кетсе керек. Табиғатқа келтірілген шығын 256 035 теңге деп есептелінді. Кінәлілер бәрі бір ұсталады.

Табылған иесіз балықтар балық өңдеумен шұғылданатын «Тілекші» ЖСС-не тапсырылды.

 

Зайсан шекара отрядының Руслан Зәкиев атындағы заставасы аумағында, Сауыр тауларындағы «Тақаш» қыстауы маңынан кеше кешкілік шекара наряды 1982 жылғы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл азамат 3 қапқа толтырып емдік қасиеті мықты «Алтын тамыр» (өсімдіктану ғылымында - «Сарғыш родиола – Родиола розовая» атауымен таныс) өсімдік тамырларын жинап алыпты.

Ұсталған азамат Зайсан аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 339 бабымен (Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар, пайдалануға тыйым салынған өсімдік түрлерін заңсыз жинағандығы үшін) жауапқа тартылуы мүмкін.


Көзі: yunews.kz