Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

444

Smiley face

Фото МИД РК

 

Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан Президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсыру үшін қабылданды.

Кездесу барысында Пәкістан Президенті елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі мемлекеттің ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуына және Қазақстан-Пәкістан әріптестігінің дамуына қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті.

Smiley face
Фото МИД РК

Өз кезегінде, А. Рахметуллин жылы лебізін білдіріп, Қазақстанда болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Smiley face
Фото МИД РК

 

Тараптар сондай-ақ саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Smiley face
Фото МИД РК

Кездесу соңында А. Алви Елбасы Н. Назарбаевқа және Қазақстан Президенті К. Тоқаевқа жүрек тілегін жеткізді, сондай-ақ Елшіге Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Smiley face
Фото МИД РК


Көзі: yunews.kz