Елордада 50-ден астам қосымша ұялы байланыс станциялары орнатылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада 50-ден астам қосымша ұялы байланыс станциялары орнатылады

444

Smiley face

Фото: astana.gov.kz

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев пен елорда әкімі А. Көлгінов ұялы байланыс сапасын арттыру аясында 50-ден астам базалық станцияны орнату үшін жол картасына қол қойды, деп хабарлайды елорда сайты.

Олардың ішінде ұҰялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын орналастыра алатын аса проблемалы аудандарда 5 арнайы антенна-діңгек құрылғыларын орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы атап өткендей, ұялы байланыс сигналының сапасы тікелей құрылыс тығыздығына және ұялы операторлардың базалық станцияларының орналасуына байланысты. Қиындықтар осындай антенналардың жетіспеушілігінен туындайды.

"Кейде операторлар антенналарды орналастыра алмайды, себебі режимдік объектілерде оларды орнатуға тыйым салынады, ал тұрғын үйлердің шатырларында орналастыруға кейбір тұрғындар рұқсат бермейді. Сондықтан біз әкімдікпен келісе отырып, арнайы мачталарды орнату үшін пилоттық жобаны бастауды шештік. Пилоттық жоба базалық станциялардың тығыздығын арттырып, сәйкесінше елордада сигнал сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Бірінші кезекте антенналық-діңгекті құрылыстар Арнау, Камал, Ақбұлақ-3 елді-мекендерінде, Dream City – Nova City тұрғын үй кешендерінде орнатылады. "Біз үшін бұл жобаның маңызы зор. Біз елорда тұрғындарының ұялы байланысының сапалы болғанын қалаймыз. Ғимарат иелерімен, ПИК төрағаларымен келіссөздер жүргізіліп, келісім-шарт жасалды. Сигнал қабылдау деңгейі төмен жерлерде жыл соңына дейін базалық станцияларды орнату үшін 20 қосымша орын ұйымдастырамыз. Матчтық құрылымдар жеке инвестициялар есебінен тұрғызылады", - деді А. Көлгінов.


Көзі: yunews.kz