Баулыған екенсіз, қараусыз тастамаңыздар - Дилдахмет - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Баулыған екенсіз, қараусыз тастамаңыздар - Дилдахмет

444

Smiley face

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы "Южный рассвет" гараж кооперативінің аумағында аюдың мәйіті жатыр деген бейнеролик белсенді таралды.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет "Астана ветсервис" ШЖҚ КМК аулау бөлімінің қызметкерлері жедел түрде мекенжай бойынша шыққаны туралы айтып берді.

Оқиға болған жерді қарау кезінде өлік ортаазиялық "Алабай" овчаркасы екені анықталды.

"Өз үй жануарларыңызды қорғаңыздар! Жануардың денесін кез келген жерде тастамаңыз. Сүйікті етіп баулыған екенсіз, лайықты жерлеңіз!",- деді Сәкен Ділдахмет.

Өлік жатқан жерге дезинфекция жүргізілді.


Көзі: yunews.kz