Өскеменде қалалық қоқыс тастайтын жерде өрт сөндірілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде қалалық қоқыс тастайтын жерде өрт сөндірілді

444

Smiley face

Фото: Өскемен қ. ТЖБ

Өскеменде қалалық қоқыс тастайтын жерде шыққан өрт 25 қыркүйекте сағат 23-те  толығымен сөндірілді. Отпен бірнеше күн бойы 30 бірлік техника және 90 адам арпалысты, олар құтқарушылар мен қалалық коммуналдық қызметтердің қызметкерлері.

"Өрттің жалпы аумағы 1 гектарды құрады. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар жағдайдың мониторингін жүргізуде", - деп түсіндірді Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметінде. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен дүйсенбі күні қалалық қоқыс төгетін жерден өрт шықты. Отты жаңа учаскелерге таратқан жел жағдайды ушықтыра түсті.  Нәтижесінде ошақтарды оқшаулау үшін инертті материалдарды қолдануға тура келді.

 


Көзі: yunews.kz