Шал ақын ауданының ветеринария бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шал ақын ауданының ветеринария бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

"СҚО Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" КММ басшысы Қ.Б.Уаисов пара алғаны үшін сотталды.

"Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алды, сондай-ақ тиісті ветеринариялық ілеспе құжатсыз ірі қара малды аудан аумағында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жалпы қолдау көрсеткені үшін күдіктенген", - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушы пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.


Көзі: yunews.kz