Талдықорғанда заңсыз алкоголь сатқандар ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Талдықорғанда заңсыз алкоголь сатқандар ұсталды

444

Smiley face
Фото: пресс-служба КГД МФ РК

Алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша МКД және Талдықорған қаласы бойынша МКБ қызметкерлері бірлесе отырып қала аумағына тексерулер жүргізді. 

Smiley face
Фото: пресс-служба КГД МФ РК

 

Тақырыптық тексеру барысында қала орталығында орналасқан сауда үйі қоймасының бірінен алкоголь  өнімдерін заңсыз сақтау және  ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы өткізу түрінде жасалған бұзушылық фактісі анықталды, алкоголь өнімі 118 дана, жалпы соммасы 233 500 теңгені құрайтын, оның ішінде: құрамында спирт бар өнімнің 90 дана беслитрлік ыдысы, 0,5 л – 22 дана және 1 л – 6 дана, сондай-ақ 3360 дана 840 000 теңге сомасына акциздік маркаларсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды.

Smiley face
Фото: пресс-служба КГД МФ РК

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде және аталған факті бойынша материалдар тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.


Көзі: yunews.kz