Көпбалалы ана және мемлекеттік қызметші мемлекеттік субсидия алуға көмектесеміз деп Түркістанның ондаған тұрғынын алдаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көпбалалы ана және мемлекеттік қызметші мемлекеттік субсидия алуға көмектесеміз деп Түркістанның ондаған тұрғынын алдаған

444

Smiley face

Түркістан қаласының полиция басқармасының тергеушілері бірнеше миллион теңгеге алаяқтық жасаған сегіз балалы ана мен  бұрынғы мемлекеттік қызметшіге қатысты көптомдық қылмыстық істі сотқа жолдады. Бүгінгі таңда тергеушілер қылмыстық істердің 19 томын іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберді.

"Өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласының полициясына облыс орталығының тұрғындарынан он шақты арыз келіп түскен, олар алдау жолымен ақшалай қаражат алған алаяқ әйелдің құрбаны болған. Аталған фактілер ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жәбірленушілердің айтуынша, әйел сыйақы үшін мемлекеттік субсидияларды алуға көмек ұсына отырып, олардың сеніміне кірген", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.  

Алаяқтық фактін ашу үшін полицияда тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны, 8 баланың жұмыссыз анасы болып шықты. Көп балалы ананың айтуынша, бұл қылмыстарды ол мемлекеттік мекемелердің бірінде жұмыс істеген жергілікті тұрғынмен бірге жасаған.

Тергеу барысында жас әйел танысымен бірге жәбірленушілердің сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша субсидия алуға уәде беріп, олардан ақша алып кеткені анықталды. Ақша алғаннан кейін алаяқтар бой тасалап, алынған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдікті қамауда, ал көп балалы анадан "ешқайда кетпеу туралы қолхат" алынды.

Қазіргі уақытта тергеу барысында күдіктілердің 70-тен астам алаяқтық фактісіне қатыстылығы анықталды. Қылмыстық істер айыптау актісімен бірге сотта қаралуда. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 10 млн теңгеден асады. Сонымен қатар, қазіргі таңда Түркістан ПБ тергеушілерінің өндірісінде осы қылмыстық "жұппен" жасалған алаяқтықтың тағы 10 фактісі бойынша қылмыстық іс бар.


Көзі: yunews.kz