72-ден аса танк экипажы штаттық оқ атуға қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

72-ден аса танк экипажы штаттық оқ атуға қатысты

444

Smiley face

ҚМ фотосы

«Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының танк экипаждары Шығыс Қазақстан облысының «Ізенді», «Майлин» мен «Ново-Ахмирово» және Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында Т-72 танк қару-жарағынан оқ атуларды өткізді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Smiley face

Танкішілер бірнеше нысандарды көздеуі тиіс болды. Олар: 1400-1700 метр қашықтықтағы 125 мм зеңбіректі «танк», 300-500 және 700-900 метр қашықтықтағы танк оқшашарлы «танкіге қарсы қол гранатаатқыш» пен «автокөліктегі серпілмейтін қару». Бұл орайда нысандар бірнеше секунд қана көрінді, осы уақыт аралығында танкішілер нысанды дәл көздеуі қажет. Сондай-ақ әскери қызметшілер танкіге ұрыстық жиынтықты салу бойынша практикалық нормативтерді орындап, танк бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық жағдайдағы жауынгерлікке және керісінше аудару. Экипаждарды басқару және байланысты ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. «Тәжірибелік оқ атуды орындаған кезде ғана, танкішілер өз ісінің шеберлері болады. Аталмыш шататтық жаттығулар әскери қызметшілердің жеке құрамы танкілік оқ атудың күшін сезініп, жауынгерлік машиналардың әрекеттерін бақылап және жауынгерлік даярлығын жетілдіруге арналған», - деп атап өтті өз сөзінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының аға офицері подполковник Талғат Молдабаев.

Smiley face

Т-72 танк қару-жарағынан штаттық оқ ату жылына екі рет өткізілетінін айта кеткен жөн. Тәжірибелік сабақтарға әскери қызметшілердің қауіпсіздік шараларын қайталайтын, оқ атуды орындаудың реттілігін және атыс дайындығы бойынша көрсеткішті орындауға жаттығатын теориялық сабақтар алғы шарт болды.

Танкіден оқ атуды жүргізудің басты мақсаты – танкішілердің жауынгерлік дайындығын жетілдіріп, кәсіпқойлық дағдыларын дамытып және атысты басқаруды дұрыс ұйымдастыру.
Smiley face


Көзі: yunews.kz