2 шекара бұзушы, 63 кг дәрі-дәрмек және 2 қарасора алаңы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

2 шекара бұзушы, 63 кг дәрі-дәрмек және 2 қарасора алаңы

444

Smiley face

Екі Өзбекстан азаматы Қазақстан аумағына заңсыз кіруге тырысты. Сұрастыру барысында ер адамдар жұмыс тапқысы келген соң бұзушылық жасағанын мойындады, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қорғас шекарашылары ұсталған 21 жастағы қазақстандықтың қол жүгінен салмағы 63 кг қытайлық дәрі-дәрмекті тапты. Материалдар акт бойынша "Алтынкөл" ТК қызметкерлеріне берілді.

Шонжы шекара отрядының «Текес» және Күршім шекара отрядының «Өрел» шекара заставаларының аумағынан шекарашылар жабайы қарасора алқаптарын тапты. Екі жерден табылған алқаптардың жалпы көлемі 5 гектар. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жойылған 9000 қурайға жуық есірткі өсімдіктерінің жалпы салмағы 1,5 тоннадан астам.


Көзі: yunews.kz