ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды

444

Smiley face

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғ.Қ.Сүлейменовке қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 

"Ол жалпы қамқорлығы мен жұмыста қолайлы жағдай жасағаны үшін, сондай-ақ орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезіндегі алаяқтық жасағаны үшін бағынышты қызметкерлерден 700 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктенген",-деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Сот үкіміне сәйкес, Сулейманов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 24,5 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.


Көзі: yunews.kz