«Алтын» велосипед - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Алтын» велосипед

444

Smiley face

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Песчаное ауылында 10 және 13 жастағы екі кәмелетке толмаған балалар ауыл тұрғынының үйіне кіріп, ауладан велосипед ұрлаған. Кейінірек балалар велосипедтің жүк салғышында пакеттің болғанын байқаған, оның ішінен 400 мың теңге табылған, деп хабарлайды Павлодар қ. ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері ұрлық фактісін тергеу барысында жәбірленушінің ауласынан шыққан соң  балалар 16 жасар танысын кездестіргенін анықтады. Еш қымсынбастан балалар оған велосипедті пакетпен бірге  ұрлап кеткенін хабарлады.  Пакетті ашып қараған 16 жасар жас жігіт ақшаны көреді де, табылған олжаны оған беруді сұрайды.

Күдіктінің айтуы бойынша, ол ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсап, екінші бөлігін өзінің таныстарына қарызға берген.

Қазіргі таңда велосипедті ұрлау және көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Балалар заңды өкілдерінің кепілгерлігімен қолға берілді.


Көзі: yunews.kz