WhatsApp-тағы қауырт желі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

WhatsApp-тағы қауырт желі

444

Smiley face

ҚР ІІМ фотосы

Енді әрбір тұрғын ең ауыр әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылатын есірткі қылмысының алдын алуға және оған қарсы күреске өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер Министрлігінің баспасөз қызметі.
 WhatsApp мессенджерінің көмегімен азаматтар есірткіге қатысты құқықбұзушылық, есірткінің таралуы, есірткі құралдары туралы граффити жазу және бетбелгілерді орналастыру фактілері туралы фото және бейнежазба түрінде мәліметтерді 87777856651 нөміріне жібере алады. Бұл нөмірге түскен ақпараттардың барлығы Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің кезекші бөліміне түсетін болады, сол бойынша жедел шаралар қабылданады. 

Мысалы, граффити жазулар (геолокация) салынған жердің фотосуретін, белгілі бір мақсатсыз аулада, үйлердің кіреберістерінде жүрген күдікті адамның бейнелерін, жеңіл ақша табу және тағы сол сияқты күмәнді ұсыныстар жазылған хат алмасулардың скриншоттарын жіберуге болады. Анаонимді болатындығына кепілдік беріледі. 

Бұл WhatsApp нөмірі YOU TUBE-те нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу саласында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, денсаулыққа құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру және нашақорлық проблемасына назар аудару мақсатында құрылған «Есірткіге ¬¬– жоқ!» арнасында көрсетілген (https://www.youtube.com/channel/UCPAMdZAP1F34znNXuc6A_uQ). 


Көзі: yunews.kz