Уақыт сақшысы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Уақыт сақшысы

444

Smiley face

Семейде "Уақыт сақшылары" атты ескі сағаттар көрмесі ашылды. Бірегей коллекция жергілікті тұрғын Юрий Печерскийге тиесілі.  Ол сағат механизмдерін жөндеумен 30 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Осы кезеңде Юрий Павлович бірнеше жүз сағат түрлерін жинады.  Оның екі бөлмелі пәтері барлық нұсқарлары бар механизмдермен жабдықталған.

"Мен сағат шеберіне оқыған кезде, бір  ауысымда 13 оятқышты жөндейтін едім. Менің тәлімгерім бар болғаны 7. Нормалар бойынша тек 3 оятқышты жөндеу  қажет. Екі айдың ішінде қабырға, үстел, қалта сағаттарын жөндеу жұмыстарын үйрендім. Ол кезде   мен тек қана оқушы болдым. Содан кейін сағат шебері болдым", - деді Юрий Павлович.

Smiley face

Шебердің топтамасында өзінің ғасырлық мерейтойын атап өткен сағаттар бар. Өте сирек даналар да кездеседі. Және олардың әрқайсысының өз тарихы бар, деп  бөліседі коллекционер.

Айта кетерлігі, көрмеде 300-ге жуық сағат экспонаттары қойылған, олардың ішінде өлкетану мұражайы қорынан алынған экспонаттар да бар.

Smiley face


Көзі: yunews.kz