Ақтөбеде медициналық мекеменің директоры қызының жасауынан пара ретінде прокурорға ақша берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде медициналық мекеменің директоры қызының жасауынан пара ретінде прокурорға ақша берді

444

Smiley face

"Шапағат" орденінің иегері, 60 жасар Клава Пан ұзақ жылдар бойы психоневрологиялық интернат үйін басқарды. Қазір мекеме №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деп аталады.

Осы жылдың жазында интернаттың қызметі қадағалау органы тарапынан тексеруге ілінді. Ол дәл бір айға созылды - 28 шілде мен 29 тамыз аралығында болды. Басшы, кейін сотта мойындалғандай, "мүмкін болатын бұзушылықтар үшін қатты уайымдады". Сол себепті ол өз әрекетін "бұзушылықтарды жеңілдетуге тырыстым" деп түсіндірді. Осыған байланысты сотталушы Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының прокурорына 1,5 млн.теңге көлемінде пара берді.

Сотта осы соманың шығу тегі белгілі болды - Клава Владимировна қызының үйлену тойына байланысты ақша жинаған. Жасау үшін барлық қажетті нәрселерді сатып алуға ниеттенген.

Бірақ оның орнына әйел адам ағымдағы жылдың тамыз айының соңында прокурордың автокөлігіне отырып, оны белгілі бір орынға жеткізуді сұрайды, ал жол бойында көліктің артқы орындығына ақша салынған пакетті қояды. Алайда бірнеше минуттан кейін полиция қызметкері тиісті органдарға пара беру туралы жедел хабардар еткен.

Ақтөбе қаласының №2 соты судья Айнұр Бекмұхамбетованың төрағалық етуімен осы істі қарап, 26 қыркүйекте Клава Панды пара беруге кінәлі деп таныды (ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігі) және оны 22,5 млн теңге көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды. Сонымен қатар, Фемида сотталушыны өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Көзі: yunews.kz