Қарағанды облысында монополист пен Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы тарифті заңсыз көтергені үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында монополист пен Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы тарифті заңсыз көтергені үшін сотталды

444

Smiley face

Қарағанды облысының прокуратурасы

Биылғы жылдың басында аймақтың қадағалау ведомствосы тексеру барысында "Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ЖТЭК" АҚ) 2018 жылы заңды негіздерсіз Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне төтенше реттеуші шара ретінде тарифті көтеру туралы өтініммен жүгінгенін анықтады.

Өз кезегінде Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғалары өтінімді қанағаттандырудан бас тартудың орнына монополистке 2017-2020 жылдарға арналған жоғары тарифті негізсіз бекітті.

Осылайша, "ЖТЭК" АҚ және Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері тұтынушылар үшін 1,3 млрд.теңгеден астам сомаға шығын келтірді.

Аталған факт бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның барысында күдіктілер кінәсін толық мойындады.

"ЖТЭК" АҚ-ның бұрынғы бас директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін, облыстық Монополияға қарсы органы басшысының бұрынғы орынбасары немқұрайлығы бойынша сотқа берілді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен "ЖТЭК" АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы соттың қаулысына сәйкес облыстық Монополияға қарсы органы басшысының бұрынғы орынбасары Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сонымен қатар, монополист а. ж. сәуір айынан бастап тұтынушыларға келтірілген шығынды өз еркімен өтеуді бастады. Бүгінгі күні өтелген шығынның сомасы шамамен 290 млн.теңгені құрайды(уәкілетті органның ақпараты бойынша).

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша облыстық Монополияға қарсы орган басшысының орынбасарына қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қазыбек би аудандық сотының үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге сотталды .

Сот актілері заңды күшіне енді.


Көзі: yunews.kz