Петропавлда суға бата жаздаған балықшы құтқарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда суға бата жаздаған балықшы құтқарылды

444

Smiley face

Төтенше жағдай өңірдегі Пестрое көлінде болған. 36 жастағы қала тұрғыны таңертең балық аулауға кетіп, ажал құша жаздады, - деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Көлдің қарама-қарсы жағасынан жанұшыра көмекке шақырған дауысты естіген  құтқарушылар тез арада моторлы қайықпен бірнеше минуттан кейін оқиға орнына барады. Суық суда резеңке қайықтың шетінен жармасып, айғайлап тұрған ер адамды олар жағалауға алып, алғашқы көмек көрсеткен. Бір ажалдан аман қалған балықшы жарты сағаттан кейін өз бетімен үйіне қайтып кеткен. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

"Осы оқиғаға  жүзу құралында орын алған абайсыздық себеп болған. Егер кезекші ауысым мамандарының көмегі болмаса, барлығы қайғылы аяқталуы мүмкін еді", - деп атап өтті ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында 25 адам суға батып кетті, оның 4 – уі балалар. Балық аулау кезінде 3 адам суға кетіп, қаза тапты.


Көзі: Yunews.kz