ҚР ІІМ-де патрульдік автокөліктердің жаңа эмблемасы таныстырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР ІІМ-де патрульдік автокөліктердің жаңа эмблемасы таныстырылды

444

 Smiley face

ІІМ-де айырым белгілері мен жазулары бар патрульдік автомашинаның стандарттары әзірленді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Стандартты белгілерден басқа, мұндай автокөліктің алдыңғы бүйірлік есіктерінде «ZANGA QYZMET ETEMIZ» деген жазуы бар патрульдік полицияның эмблемасы салынады. Халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін автокөліктің артқы бүйір қанаттарында кезекші бөлімнің және аудандық полиция бөлімшесінің жедел кезекшісінің телефон нөмірлері орналастырылады», - деп хабарлады ведомство.

Автопатрульдердің борттық нөмірлері, әлемдік полиция стандарттарына сәйкес, нарядтарды тиімді басқару үшін артқы бүйірлік есіктерде және автокөліктің жүк салғышында орналасады. Полиция департаменттеріне жыл соңына дейін патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің барлық автомашиналарын бекітілген стандартқа сәйкес келтіру тапсырылды.

«Жаңа ақпараттық белгілерді салу үшін қосымша шығындар қажет емес. Өзгерістер автокөлікті пайдалануға бұрын бөлінген қаражат есебінен енгізіледі», - делінген хабарламада.


Көзі: Yunews.kz