Алматы қалалық №1 перзентханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы қалалық №1 перзентханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2019 жылдың наурыз айында жеке компания "№1 қалалық перзентхана" КММ-нен үй-жайды жалға алу тендерін жеңіп алған.

Шілде айында перзентхананың бас дәрігері Наурызбай Рақышев компания директорына жалдау шартын бұзбағаны және кәсіпкерлік қызметте жалпы қамқорлығы үшін ай сайын 200 мың теңгеден төлеуге тиіс шарт ұсынды. Кәсіпкер талап етілген соманы беруге келісті, бірақ  перзентхананың бас дәрігерінің заңсыз іс-әрекеті туралы Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне өтініш білдіреді.

Келесі күні бизнесмен Рақышевке оның қызметтік кабинетінде 200 мың теңге беріп, одан кейін бас дәрігер полиция қызметкерімен ұсталды.

Сотта Рақышев өз кінәсін толық мойындады. Алмалы аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 бабының 2-бөлігі (пара алу) бабы бойынша сотқа тартылды. Сот оған алған парасының 30 есесі көлемінде - 6 миллион теңге айыппұл салды. Сондай-ақ сот дәрігерді өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды.

"Сот мемлекеттік айыптаушының сотталушының медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру қажеттігі туралы дәлелдерін негізсіз деп санады. Рақышевтің қылмыстық құқық бұзушылығы мүліктік жалдау шартын бұзу мүмкіндігін пайдалануға бағытталған", - деп хабарлады Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz