Төбелес кезінде бір жас жігітті пышақтап өлтірген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Төбелес кезінде бір жас жігітті пышақтап өлтірген

444

Smiley face

Алматы полициясы төбелес кезінде ер адамды өлтірді деген күдікпен 15 жасар баланы ұстады, деп хабарлады оңтүстік астананың ІІД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілде қалада орын алған төбелес туралы ролик таратылды. Роликтің сипаттамасында төбелес 21 қыркүйектен 22 қыркүйекке қараған түні орын алғаны айтылған.

Нәтижесінде 1995 жылы туылған ер адам қаза тапты. Оның артында әйелі  мен екі кішкентай баласы қалды.

"Топтық төбелеске қатысқандар саны 8 адам, ең үлкені 17 жаста, барлығының қолында пышақ болған! Бұл жас балалар тобы полиция есебінде тұр. Олар ақша бопсалау, автокөлік айдап әкету және ұрлаумен айналысқан"- деп жазған роликтің авторы.

Алматы қаласының полиция департаменті орын алған төбелес туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Төбелес «Ақбұлақ» шағын ауданында 22 қыркүйекке қараған түні орын алған. Зардап шегушіге жанжал барысында пышақ салған. Ол  қалалық ауруханада қайтыс болды.

Алатау ауданының полиция басқармасында істі тергеу үшін арнайы топ құрылды. Ол топ көр ұзамай 2004 жылы туылған жасөспірімді ұстады.

"Күдікті төрт сағаттан кейін ұсталды. Ол дереу Алматы қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядан.

Оған адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отыр.


Көзі: Yunews.kz