2023 жылға қарай қазақстандық мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға жетеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

2023 жылға қарай қазақстандық мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға жетеді

444

Smiley face

Қазақстанның мұнай экспорты 2023 жылға қарай жылына 12 млн тоннаға артады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

"Жалпы, экспорт көлемі таяудағы 2-3 жылда тұрақты болады. 2023 жылдан бастап экспорт жылына 10-12 млн тоннаға өседі. Бұл бірінші кезекте Теңіз кен орнымен байланысты. Қазір бұл жерде үлкен инвестициялық жоба өз жұмысын жалғастыруда. Мұнда 38 млрд долларға жобалар жүзеге асырылуда",-деді Қанат Бозымбаев XII Еуразиялық KAZENRGY форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында.

Энергетика министрі атап өткендей, Теңіз мұнай-газ кен орнындағы инвестициялық жобалар есебінен мұнай экспорты 2023 жылға қарай жылына 12 млн тоннаға өседі. Өндірілген мұнайдың басым бөлігі Теңізден экспортталады.

"Экспорт бойынша, Теңізден кейін Қашаған кен орнының мүмкіндігі де артады", - деп толықтырды министр.

Бұған дейін форум барысында ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо 2040 жылға қарай әлемдегі мұнай сұранысы күніне 112 млн баррельге дейін артатынын айтқан болатын.


Көзі: Yunews.kz