Хабибтің келесі шайқасы қашан болатыны анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Хабибтің келесі шайқасы қашан болатыны анықталды

444

Smiley face

Абсолютті жекпе-жектің (UFC) жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында өткізеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне спортшының менеджері Ризван Магомедов айтты.

«Хабибтің келесі жекпе-жегі алдағы жылдың наурыз-сәуірге жоспарланған» деді ол. Оның айтуынша, кездесу өткізілетін орын әлі талқыланбаған.

Хабиб Нұрмагомедов 7 қыркүйекте америкалық Дастин Порьерді жеңіп, UFC жеңіл салмақтағы атағын қорғады. Жалпы 31 жастағы осы спортшы 28 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліс тапқан жоқ.
Бұған дейін 31 жастағы Нурмагомедовтың қарсыластарының қатарында Тони Фергюсон мен Жорж Сен-Пьер аталатын.
Конор Макгрегор қарымта шайқасқа шыққысы келеді, бірақ Хабибтің өкілдері бұл жекпе-жекті өткізу мүмкіндігін бірнеше рет жоққа шығарды.


Көзі: Yunews.kz