Оралда қоқыс жәшігінен жарылғыш зат табылған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Оралда қоқыс жәшігінен жарылғыш зат табылған

444

Smiley face

Полиция департменті екі ай бұрын Оралдағы қоқыс жәшіктерінің қасынан табылған жарылғыш зат туралы ақпарат берді.

6 тамыз күні сағат 10.55-те кезекші бөлімге "Жайық Таза Қала" ЖШС қызметкерінен Айтиев көшесі мен Лев Толстой көшесінің қиылысындағы аумақты тазалау кезінде қоқыс контейнерінің маңында гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметі мен ҰҚК қызметкерлері, құтқарушылар жұмыс істеді. Сол кезде полицейлер қоқыс контейнерлерін қоршап алып, жолды жауып тастады. Алайда, Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бейсенов "бәрі жақсы, ештеңе болған жоқ"деп мәлімдеді.

Кейін БҚО полиция департаментінде гранатаға ұқсас табылған зат барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлады. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, гранатаға ұқсас зат жарылуға дайын болған және айналасындағыларға үлкен қауіп төндірген.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жоқ, себебі ҚР ҚК 287-бабының "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" диспозициясы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Осының негізінде аталған фактіні қараусыз қалдыру туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді ведомстводан.


Көзі: Yunews.kz