Қазақстанда инвесторлар үшін барлық жағдай бар – Дариға Назарбаева - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда инвесторлар үшін барлық жағдай бар – Дариға Назарбаева

444

Smiley face

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті. Дариға Назарбаева өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Солтүстік Македонияны маңызды саяси әріптес ретінде қарастыратынын және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бергі алғашқы ресми парламенттік делегация  сапарының мәні зор екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сенат Басшысы Солтүстік Македонияның Еуропалық интеграциясындағы үлкен ілгерілеуін ерекше атап өте келіп: «Сіздерді құттықтаймыз және Македониямен ынтымақтастығымыз жалғаса береді әрі сенімді досымыз болады деп үміттенеміз», - деді.

Smiley face

Сенат Төрағасы Т.Джаферидің сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басу болатынына сенім білдірді.

 «Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесі алғаш рет Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Осы кездесулердің бәрі Еуразия аумағындағы интеграциялық үдерістерде парламенттердің рөлі жыл сайын ұлғайып келе жатқанын аңғартады», - деді Сенат басшысы.

Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы Талат Джафери өз тарапынан парламентаралық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Т.Джаферидің айтуынша Солтүстік Македония Қазақстанның барлық халықаралық бастамаларына, әсіресе БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы қызметіне қолдау білдіреді. Ол барлық салаларда, соның ішінде туризм, ауыл шаруашылығы, білім беруде өзара іс-қимыл деңгейін арттыру үшін екіжақты қатынастардың барлық әлеуетін пайдалану маңызды екенін атап өтті.

Smiley face

Келіссөздер аясында Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы сондай-ақ екі ел арасындағы визасыз тәртіп мәселесін шешуді жеделдетуді өтінді. «Бұл сауда-экономика саласына оң әсер етеді», - деді ол.

Дариға Назарбаева әріптесінің сөзіне қолдау білдіріп, бүгінгі күні Қазақстанда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын және бизнес-климатты дамытудың берік заңнамалық базасы қалыптасқанын айтты.

Smiley face


Көзі: yunews.kz