Елордалық онкоорталыққа дәрі-дәрмек жеткізу жақын арада басталады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық онкоорталыққа дәрі-дәрмек жеткізу жақын арада басталады

444

 

Smiley face
Фото: strategy2050.kz

Нұр-Сұлтан қаласының онкологиялық диспансерінің 2016-2019 жылдарға 1,9  миллиард теңге мөлшеріндегі берешегіне қарамастан, "СК – Фармация" елордалық онкодиспансерге дәрі-дәрмек жеткізуді қайта бастады.

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің  айтуынша, 2016 – 2018 жылдар аралығында онкоорталық СК-Фармация алдында 1,3 млрд. теңге көлемінде мерзімі өткен қарызға ие. Ағымдағы жылы астаналық онкологиялық диспансермен 2 млрд теңгеге шарт жасалды.

"Жыл басынан бері аурухана 1,6 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек алды. 2019 жылдың барлық кезеңінде онкологиялық орталық алынған дәрілік заттар үшін 792 млн.теңге төледі, оның 531 млн. теңгесі жеткізілімдерді мәжбүрлі түрде тоқтатқаннан кейін ғана төленді", - деп атап өтті Берік Шәріп.

"Жеткізілімдер тоқтатылған сәттен бастап біз белсенді жұмыс жүргіздік. Біз емделушілерді емдеусіз қалдыруға болмайтынын түсінеміз. Жыл соңына дейін  2019 жылға  дәрі-дәрмек үшін берешек өтелетін болады деп әкімдік кепілдік хат беруге уәде береді. Біз хат алғаннан кейін, дереу жеткізуді жаңартамыз, тиеу үшін препараттар дайын", - деді "СК-Фармация"жетекшісі.

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, республика бойынша медициналық ұйымдардың барлық қарызы 17,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде өткен жылдардың қарызы 2,7 млрд. теңгені құрайды. 

"Жағдай оңай емес. Қазір біз алған дәрі - дәрмектер үшін, оның үстіне ауруханаларға ертеде жөнелткен,  жеткізушілерге төлейтін қаражат жоқ,  бұл өз кезегінде жалпы республика бойынша дәрі-дәрмек жеткізілімінің бұзылуына әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді Берік Шәріп.


Көзі: yunews.kz