Елордада кеңес бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада кеңес бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды

444

Smiley face

Елордада "Оттепель" кеңес бейнелеу өнерінің көрмесі басталды. Галереяда ХХ ғасырдың 50-ден 90-ға дейінгі бейнелеу өнерінің туындылары ұсынылған, деп хабарлайды елорда сайты.

Сонымен қатар экспозицияға кеңес одағының кейінгі суретшілерінің туындылары кірді.

"Оттепель" көрмесінің экспозициясы өткен жүзжылдықтың саяси дүниетанымы туралы емес, социализм қағидалары туралы әңгімелейді. Ол – басынан түрлі сынақтарды кешірген суретшілер туралы. Салихитдин Айтбаевтың жетекшілігімен Целиноград суретшілерінің шығармашылық ұжымы жасаған 20 белгісіз, соңғы уақытқа дейін монументалды көркем маталар жоба экспозициясының ядросын құрайды.

Smiley face

Атақты суретші және көрмені ұйымдастырушы Лейла Махаттың айтуынша, тек Абдулхак Абдуллаевтың картинасын қалпына келтіруге бір жыл уақыт кеткен. Қала әкімі А. Көлгінов мұндай көрмелер шеберлердің жұмыстарымен танысуға және тұрғындарды өнерге баулуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бүгін көптеген адамдар көрмені көруге келді. Әсіресе, жастар көп. Бұл біздің өнерді, мәдениетті бағалайтынымызды көрсетеді. Лейла Махатқа шығармашылығы,идеялары, шабыты үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар біздің жоспарларымызбен бөліскім келеді. Лейламен Пирамида аумағында көрмелер ұйымдастыруды талқыладық. Өздеріңіз білетіндер, Пирамида тек қала тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар біздің қонақтар мен туристердің сүйікті орны. Келген қонақтардың көбі Пирамиданы тамашалайды. Елбасының бастамасымен құрылған бейбітшілік және келісім сарайында көрме ұйымдастырғымыз келеді", - деді А. Көлгінов.

Smiley face

Сондай-ақ, А. Көлгінов болашақта қалада елорда мұражайын ашу жоспарланып отырғанын айтты.

Smiley face


Көзі: yunews.kz