Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту оңайлайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту оңайлайды

444

Smiley face
Фото: ru.wikipedia.org

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды.

Сенатта заң жобасын сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Марат Сыздықов таныстырды. Қолданыстағы Келісімге сәйкес шекараны кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының өзімен бірге жеке куәлігі немесе төлқұжаты, сондай-ақ азаматтарды тіркеу кітабынан көшірме болуы қажет. 2011 жылдан бастап Қазақстанда азаматтарды тіркеуді есепке алу кітабы алып тасталды. Осыған байланысты Хаттаманың 1-бабымен өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес жеке куәлікке (төлқұжатқа) шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, уәкілетті мемлекеттік орган берген құжат (мекенжай анықтамасы) қоса берілуі тиіс.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов азаматтара шекарадан өту кезінде туындайтын бақылау-өткізу пункттерінің жетіспеуі, олардың елді мекендерден алыстығы, тауар салмағының 25 кг дейін шектелуі және тағы басқа да өзекті мәселелерді көтерді, бұл ЕАЭО қағидаттарына қайшы келеді.

Сенат Төрағасы бұл мәселелер бірнеше жыл бойы шешілмей келе жатқанын әрі тек Қазақстан-Ресей шекарасында ғана емес, сонымен қатар Қытаймен шекаралас жерлерде де бар екенін атап өтті. Дариға Назарбаева бұл мәселелерді барлық мүдделі тараптардың қатысуымен парламенттік тыңдауларда талқылауды ұсынды.


Көзі: yunews.kz