Қарағандылық Абылайхан Жүсіпов бокс бойынша әлем чемпионатында «қола» жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылық Абылайхан Жүсіпов бокс бойынша әлем чемпионатында «қола» жеңіп алды

444

Smiley face

Қарағандылық боксшы Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Абылайхан Жүсіпов 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің сайты.

Жартылай финалда ол 2009 жылы Әлем чемпионатында Серік Сәпиевті жеңіп алған ресейлік Андрей Замковтан жеңіліп қалды.

Абылайхан Жүсіпов жартылай финалдағы жеңіліске қарамастан, бұл жекпе-жек жақсы деп санайды.

"Мен бапкермен әзірленген тактиканы ұстануға тырыстым. Әрине, кемшіліктер болды. Біз әлі жекпе-жекті талдап үлгерген жоқпыз, бірақ міндетті түрде мұны жасап, "қателікпен жұмыс істейміз", - деді боксшы.

Спортшының айтуынша, бұл әлем чемпионаты өзі қатысқан ең күтпеген оқиға болды. Өйткені, еліміздің әрбір салмақ дәрежесінде бұрын халықаралық аренада өнер көрсетпеген жас балуандар өнер көрсетті.

Қазір Абылайхан Жүсіповке Азия және Океания елдері қатысатын Қытайдағы лицензиялық турнирге  дайындалу керек.  Бұл чемпионатта сәтті өнер көрсету біздің боксшымызға Токиода өтетін Олимпиада -2020 ойындарына лицензия әкелуі  мүмкін.


Көзі: yunews.kz