Шымкентте көкөніс пен жеміс-жидектерді консервациялау зауыты ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкентте көкөніс пен жеміс-жидектерді консервациялау зауыты ашылды

444

Smiley face

Шымкентте көкөніс пен жемістерді консервациялау зауыты ашылды. Өндіріс 120 адамды жұмыс орындарымен, ал одан әрі 400 адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Компанияның бес гектар қарқынды жүзім бақтары мен бір гектар жылыжайы бар.

Жобаның құны 350 млн теңгені құрады, оның ішінде 70 млн мемлекеттік бюджеттен субсидия түрінде бөлінді.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов 10 миллион консервіленген банкаларды шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. 

Мегаполис әкімі отандық өнімге деген сұранысты арттыру мақсатында тауар сапасына назар аудару қажеттігін, сондай-ақ қалыптасқан экономикалық жағдайда бәсекеге қабілетті тауарлар құрудың маңыздылығын атап өтті.


Көзі: yunews.kz