Қыстың қамы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қыстың қамы

444

Smiley face

Күзгі суықтың басталуымен кейбір тұрғындар жылы заттарды сатып алудың ерекше тәсілін тапты.

Павлодар ПД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны Естай көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орын алған сәтті пайдаланып, бутиктен күртешені ұрлауға әрекет жасаған. Күдікті сауда үйінің күзетшілерімен ұсталған. 26 жастағы әйелдің қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларымен тіркелді.

Ал жылы киімге мұқтаж болған басқа павлодарлық тұрғын Естай көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде оың іс-қимылдарын ешкім байқамағанына көз жеткізіп, бутиктердің бірінің жанында манекеннен әйел пальтосын алып, қылмыс орнынан тез бой тасалаған. Ұрлаған зат әйелдердің пальтосы екенін байқаған ол, жол бойы Назарбаев даңғылындағы көршілес сауда үйіне барып, манекендегі ерлер күртесін түсіріп алған. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz