Әскери институттың курсанттары ұшу тағылымдамасынан өтуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери институттың курсанттары ұшу тағылымдамасынан өтуде

444

Smiley face

Курсанттардың жазғы тағылымдамасы үшінші курстан бастап жыл сайын өткізіледі. Әуе қорғанысы күштері Әскери институтты тәмамдағанға дейін оларда 90 сағаттан аса ұшу уақыты болуы қажет.

Болашақ ұшқыштар ұшу басталғанға дейін Л-39 ұшағының теориялық және материалдық бөлігін игереді. Еңбек өтілі бар ұшқыштар оны "ұшатын парта" деп атайды. Л-39 ұшағы курсанттар мен ұшу құрамын әуе нысандарына тосқауыл жасауға байланысты, күндіз және түнде қарапайым, әрі күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуды басқару техникасына жауынгерлік қолдану элементтерімен оқыту үшін арналған. Бұдан басқа курсанттар жерүсті дайындық курсы бойынша сынақ тапсырып,содан кейін ғана ұшуғашығару бағдарламасына кіріседі.

Smiley face

Қозғалтқыш құрылғысы мен ұшақтың құрылымы жайындағы білімінен басқа, болашақ ұшқыштар ұшу жұмысын реттейтін құжаттарды, ерекше жағдайлардағы іс-әрекеттер нұсқаулығын игеруі қажет. Ол жағынан курсанттарға тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылары көмектеседі.

«Бұл авиацияны толықтай меңгерудегі бірінші қадам. Әрбір курсант үшін өз бетінше ұшу атаулы күн болып табылады. Бұл дегеніміз болашақта курсант қарапайым, күрделі пилотаж кезеңдеріне, аспанда және шағын биіктікте ұшу бағдарларына, жерүсті және әуе нысандары бойынша жауынгерлік қолдануға рұқсат алуға мүмкіндігі болады» - деп атап өтті капитан Антон Дайнеко.

Smiley face

21 курсанттың бесеуі көптен күткен рұқсатқа ие болып, бірінші жекелеген ұшуды орындаса, сегіз курсант тәжірибеден өтіп жатқандығын айтып өткен жөн.


Көзі: yunews.kz