Өскеменде жыл басынан бері қаңғыбас иттерден 700-ден астам қала тұрғыны зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде жыл басынан бері қаңғыбас иттерден 700-ден астам қала тұрғыны зардап шекті

444

Smiley face

Жыл басынан бері Өскеменнің 762 тұрғыны қаңғыбас иттерден зардап шекті. Осыншама адам құтыруға қарсы екпе курсын алуға келді. Бүгінгі күні қалада қаңғыбас жануарлардың санын зарарсыздандыру арқылы реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы осы мақсатқа екі миллион теңге бөлінді.

"Дегенмен, стерилизация иттің адам үшін қауіп төндіруін толығымен жоймайды. Қалалық ветеринария бөліміне тұрақты түрде үй-жайларға келіп, тұрғын үй аумағын күзететін, агрессивті жануарлар туралы өтініштер келіп түсуде", - деп түсіндірді қалалық әкімдіктен.

Бұл жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы — жануарларды ұйықтату. Жедел әрекет ету жасағы тұрғындар өтініш білдірген кезде осы жылы 1600-ге жуық жануарды ұйықтатуды жоспарлап отыр. Айта кетерлігі, шара ауыртпайтын уыты бар арнайы дротиктерді қолдану арқылы жүргізіледі және тұрғындар үшін нақты  қауіп төнгенде ғана қолданылады, деп нақтылады әкімдікте.


Көзі: yunews.kz