Елордалық полицейлер қала дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату фактілерін анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық полицейлер қала дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату фактілерін анықтады

444

Smiley face

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында елордалық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласынының дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату фактілерін анықтады.

Аталған факті бойынша 29 жасар елорда тұрғыны ұсталды, ол тауарлар сататын бутиктердің бірінде порнографиялық сипаттағы белгілері бар материалдарды өткізген.

Тінту жүргізу іс-шаралары кезінде тыйым салынған материалдардан басқа 300 бірліктен астам контрафактілік аудио-бейнеөнім,  50-ден астам лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулер мен компьютерлік ойындар алынып қойылды.

Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. 


Көзі: yunews.kz