Мен үшін ұсақ немесе ірі сұрақтар жоқ, олардың барлығы маңызды – Жеңіс Қасымбек - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мен үшін ұсақ немесе ірі сұрақтар жоқ, олардың барлығы маңызды – Жеңіс Қасымбек

444

Smiley face

Жақында Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалған Жеңіс Қасымбек өңір тұрғындарынан көптеген сұрақтар мен тілектер алды. Facebook-тегі парақшасында аймақ басшысы барлық өтініштерді қарап, қадағалайтынын жазды.

 «Менің атыма сіздерден көп сұрақтар келіп түсуде. Мынау ірі, мынау ұсақ сұрақ деп бөлмеймін. Олардың барлығы маңызды.
Дәл қазіргі уақытта халықты негізінен қоғамдық көлік, жолдар, тілдерді дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелері толғандырып отырғанын көріп отырмын. Олардың көпшілігі шешілуде.
Мысалы үшін, Қызылорда-Жезқазған жолын алайық. Жобалық-сметалық құжат әзірлеу келесі жылдың жазында аяқталады. Әкімдік орталық органдармен бірлесе отырып, 2020 жылдың екінші жартысында осы жолды қайта жаңартуды бастау үшін барлық шараларды қолға алуда.
Сондай-ақ, сіздердің өтініштеріңізді зерделей отырып, ТКШ, тұрғын үй, мектептер мен ауруханалар құрылысы мәселелеріне де ерекше назар аудару қажеттігін көріп отырмын.
Тағы қайталап айтамын, маған келіп түскен хабарламалар мен сұрақтардың ешқайсысы да назардан тыс қалмайды. Сәйкесінше анализ жүргізіліп, жұмыс барысында негізге алынады», деп жазды Жеңіс Қасымбек.


Көзі: yunews.kz