Павлодарда орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарда орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 26-қыркүйек күні республикалық маңызы бар "Ленин кенті-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов қ." автожолының ұзындығы 10 шақырым 25-35 км учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Жөндеу жұмыстары биыл маусым айының ортасында басталған болатын.

Жолшылар тасжолға асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар жүргізді. Қауіпсіз және кедергісіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қаласындағы автомобиль жолдарының бойы жарықтандырылып, жол жиектерін орналастырылды. Сонымен қатар демалыс алаңдарында күн сәулесінен қуат алатын шамдар орнатылып, жолақтар салынды.

Smiley face

Ұзындығы 10 шақырым учаскенің бойында 6 бірлік жарықдиодты жол белгілері орнатылды. Жүргізушілердің қолайлығы үшін 2 автопавильон, 3 демалыс алаңы жөнделіп, жаңа дәретхана орнатылды. Учаскедегі жұмыстар үшін 22 білікті маман мен 16 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.


Көзі: yunews.kz