Бір адам қаза тауып, біреуі дене жарақатын алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бір адам қаза тауып, біреуі дене жарақатын алды

444

Smiley face

2019 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 18.20 шамасында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 78 шақырымында «Volkswfаgen Polo" автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан «ПАЗ» автобусымен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Volkswfаgen Polo» жүргізушісі жарақат алып, аурухананың реанимациялық бөліміне жеткізілді, осы автокөліктің жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік апаты бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz