Түркістан облысының тас жолында салонда 34 жолаушысы бар автобус жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысының тас жолында салонда 34 жолаушысы бар автобус жанып кетті

444

Smiley face

Түлкібас ауданындағы тас жолда жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Оқиға 27 қыркүйек күні кешке орын алды. Сарыағаш қаласынан оңтүстік астанаға келе жатқан автобус «Алматы-Термез» тас жолының 597 шақырымында жанып кетті.

Салонда барлығы 34 жолаушы болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жолаушылар өздігінен эвакуацияланды. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Келген өрт сөндірушілер өртті тез сөндірді.

Көлік толығымен жанып кетті. Өрттің себебі әзірге белгісіз.


Көзі: Yunews.kz