Геннадий Головкин Деревянченкомен кездесу қарсаңында мәлімдеме жасады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Геннадий Головкин Деревянченкомен кездесу қарсаңында мәлімдеме жасады

444

Smiley face

Геннадий Головкин украиндық боксшы Сергей Деревянченкомен кездесу туралы айтты. Қазақстандық мансабындағы басты қарсыласын да атады, деп хабарлады Sports.kz

Журналистпен сұхбатта GGG өзін әлі чемпион сезінемін деп мәлімдеген. Сонымен қатар, боксшы мансабындағы басты қарсыласы нақты адам емес, жасы екенін мойындады.

«Менің ең үлкен қарсыласым нақты адам емес, менің жасым мен мотивациям. Мен алдағы Деревянченкомен айқасыма қуаныштымын. Маған Нью-Йорктегі бокс атмосферасы ұнайды», - деді боксшы.

Геннадий Головкин қазір барынша ынталы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Мен басқа біреуден арнайы үлгі алмаймын. Мен көп жұмыс істеймін. Бұл бокс жанкүйерлері мен табынушыларыма ынта-жігерімнің жеткілікті екенін бағалауға мүмкіндік береді», - дейді Головкин.

Ол өзін жақсы сезінеді және жекпе-жекке дайын екенін айтты.

«Бұл біз үшін үлкен шайқас болады», - деп қосты боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин - Деревянченко кездесуі келесі сенбі күні 6 қазанда Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер-Гарден аренасында өтеді.


Көзі: Yunews.kz