Алматыда әйелдердің құқығы үшін алғашқы санкцияланған митинг өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда әйелдердің құқығы үшін алғашқы санкцияланған митинг өтті

444

Smiley face

KazFem бастамашыл тобы ұйымдастырған митинг «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта өтті. Оған тек әйелдер ғана емес, сондай-ақ апа-қарындастарын, әйелдерін, аналары мен қыздарын қолдауға шыққан ер адамдар да қатысты. Көптеген адамдардың қолдарында плакат және транспарант жазулары болған.

Митингте әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамның гендерлік проблемаларға қарым-қатынасын өзгерту және тағы басқа мәселелер көтерілді.

«2019 жылдың басынан бері Қазақстанда 800 қыз-келіншекті зорлаған. Бұл масқара жағдай ғой! Бұл тек ресми статистика ғана, ал шын мәнінде зорлау бірнеше есе көп, өйткені барлық әйелдер полицияға жүгінбейді. Бүгін күнде орташа есеппен 5 әйел мен 1 бала зорланады. Бұл өте қорқынышты. Ал қанша әйел соққыға жығылады? Колонияда қанша әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды? Үйде және жұмыста қанша дискриминация болады? Менің ойымша, бұл туралы үндемеуге болмайды!»,- деді KazFem белсендісі Вероника Фонова.

Smiley face

«Қазақстанда әйелдерді жұмысқа алмайтын 258 мамандық бар. Сіз өрт сөндіруші болғыңыз келеді? Әйел өрт сөндіруші бола алмайды, өйткені оны бұл жұмысқа алмайды. Сүңгуір болу керек пе? Жоқ. Мұнай кен орнында геолог? Жоқ! Бірақ, неге бізге ұнайтын нәрсемен айналыса алмаймыз?»- деді Әйгерім атты белсенді әйел.

Митингте Қылмыстық кодекске «Ұұрып – соғу» бабын қайтару, үйдегі зорлық-зомбылық туралы заң әзірлеу, зорлық-зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталықтары санын көбейту және оларды қаржыландыруды жақсарту; ақпарат құралдарында «Зорлау» бабы бойынша сотталғандардың фотосуреттері мен деректерін жариялау; адам саудасы мен ілеспе қылмыстылықты болдырмау жөнінде шаралар қабылдау; жезөкшелікті адамға зорлық-зомбылық түрі және қанаушылық нысандарының бірі деп тану; секусалдық қудалау үшін бап енгізу туралы ұсыныстар айтылды.

Бұл қарарды митинг ұйымдастырушылары Алматы әкімдігі мен мәслихатына, Үкіметке, Парламентке, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберуге ниетті.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz