Ақтауда бетонараластырғыш бірнеше көлікті соқты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда бетонараластырғыш бірнеше көлікті соқты

444

Smiley face

Ақтауда 27 қыркүйек күні кешкісін болған апатқа кінәлі құрылыс арнайы техникасының жүргізушісі болды. Ер адам қашықтықты есептей алмай, алда тұрған автокөлікке соғылып, инерция бойынша тағы үш көлік бірінің артына бірі кірген. Нәтижесінде төрт автокөлік зардап шекті.

Маңғыстау облысының полиция департаменті құрылыс техникасының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалғанын (көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған, материалдық залал келтірген) атап өтті. Апатта ешкім зардап шеккен жоқ.


Көзі: Yunews.kz