Маңғыстау облысында студенттер жатақхана үшін үш есе артық төлеуге мәжбүр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында студенттер жатақхана үшін үш есе артық төлеуге мәжбүр

444

Smiley face

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстың жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттік жатақханаларында орналастыру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларда бөгде адамдардың тұруын болдырмау бойынша мониторинг жүргізді.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Қаншайым Құспанова айтып өткендей, облыста 7 студенттік жатақхана орналасқан.

Мониторинг барысында Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 студенттік жатақханасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р. Сакеевтің ағымдағы жылғы 24 сәуірдегі хаттамалық шешімі негізінде күрделі жөндеуге жабылған болатын.

«Алайда, студенттік жатақхананы күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау және бүгінгі күнге дейін қаражат бөлу мәселесі шешілмеген. Бүгінгі таңда аталған колледж студенттері мен Ақтау қаласының 168 колледж студенттері «Гусейнова» ЖК-нің жатақханасында тұрады.

Ш. Есенов атындағы  Каспий технология және инжиниринг университетінің №1,    № 2, № 3 студенттік жатақханаларына бару кезінде №2 жатақханада студенттер тұратын 112 бөлменің 66-сы 1 адамға 6 ш.м. болу талаптары сақталмағандығы анықталды. Үй-жайлардың бірінде, ауданы 14 ш.м. 3 адам тұрған.

№3 жатақханада талаптар сақталған, бірақ университет ұйымдастырған асханада кассалық аппарат жоқ.

Жүргізілген мониторинг барысында анықталған барлық бұзушылықтар бойынша Маңғыстау облысының әкімдігіне тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар жолданды.


Көзі: Yunews.kz