Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып қалды

444

Smiley face

Оқиға Тасқала ауданында болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Анықталғандай, трактор аударылып, 1982 жылы туылған ер адамның аяғын жаншып кеткен. Құтқарушылардың көмегі қажет болды. Зардап шеккен адамды шығарып алғаннан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін ер адам облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді.

Екінші зардап шеккен 1980 жылы туған ер адамның қабырғалары сынған. Ол Тасқала аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Көзі: Yunews.kz