116 миллион колготкиді шекара арқылы Қазақстан аумағынан жасырын алып өтуге тырысқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

116 миллион колготкиді шекара арқылы Қазақстан аумағынан жасырын алып өтуге тырысқан

444

Smiley face

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алтынкөл» кеден бекетінде салмағы 14 тоннадан асатын тауар ұсталды. Хабарланғандай, контрабандашылар заттарды ҚХР-нан Қырғызстанға апаруға тырысқан. «Контейнерде 353 жүк орнына арналған шұлық-ұйық бұйымдары табылды. Кедендік құны 116,5 миллион теңгені құрады. Болжанатын кеден төлемдерінің мөлшері 27 миллион теңгені құрайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір кеден қызметкерлері қажетті іс-шаралар өткізуде. Олардың нәтижелері бойынша контрабандашыларға Қазақстан заңнамасында көзделген шаралар қолданылады.


Көзі: Yunews.kz