Алматыда митингке қатысушыларғашабуыл жасамақ болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда митингке қатысушыларғашабуыл жасамақ болған

444

Smiley face

Алматыда полиция әйелдердің құқығы үшін сөз сөйлеген санкцияланған шеруге қатысушыларға шабуыл жасаған төрт құқық бұзушыны ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Полиция қызметкерлері акцияға қатысушыларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасауға әрекет жасаған төрт адамды ұстады, олардың біреуінен газ баллоны табылды», - делінген хабарламада.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, ұсталғандардың барлығы Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық жасаудың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні, 28 қыркүйекте Алматыда әйелдер құқығын қорғау митингісі өтті. Оған 150-ге жуық адам қатысты. Митингке қатысушылар әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне жұртшылықтың назарын аудартқысы келді.


Көзі: Yunews.kz